Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астролог интуициясы жақсы дамыған зодиак белгілерін атады

Астролог интуициясы жақсы дамыған зодиак белгілерін атады

Балықтар, Шаян және Сарышаян зодиак белгілеріне кіретін адамдарды көріпкел деп ойлайтындар көп, дейді сарапшы

Астрология бойынша сарапшы, тарихшы Стефани Сенгве ішкі түйсігі жақсы дамыған зодиак белгілерін атады, деп хабарлады РИА Новости.   
Сарапшының айтуынша, бұл зодиак белгілеріне жататын адамдардың ішкі түйсігі (интуиция) жақсы дамығаны сонша, көбісі оларды көріпкел деп ойлайды.
Мәселен, Балықтар өте сезімтал, адамға бірдеңе болса, бірден байқайды. Ал адамның өзі оған мән бермей жүруі мүмкін. Стефани Сенгвенің айтуынша, бұл зодиак белгісін Нептун – қиял планетасы басқарады. Содан болар, Балықтар бір нәрсе болмай жатып, соны алдын ала армандап отырады.

Шаян да адамның бойындағы өзгерістерді бірден байқап қалады. Олар кез келген ұсақ-түйекке алаңдап қалуы мүмкін. Мысалы, қолынан ұстамай жүрсе, я болмаса, кездескенде көзіне қарамай, "сәлем!" деп айтса, бірден ойланып қалады. Олар эмоциялық ойжұмбақтарды жақсы шешеді. Ал қиын жағдайда көмегін аямайды. 
Сарышаянның мінезі тұйық әрі жұмбақ болса да, ішкі түйсігі жақсы дамыған, адамды да тани алады. Олар қандай да бір проблеманы алдын ала сезеді. Сенгве Сарышаяндарды алдамауға кеңес беріп отыр. Олар бір нәрсені біліп-тануға әуес, табиғатынан жаратылысы сондай. Жасыру әрекетін байқаса, бірден күдіктеніп қалады. Ондай адамды ұнатпайды.

sputnik.kz​​​
29 наурыз 2021 ж. 380 0