1 сәуірге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» ауа райының қолайсыздығына және көктемгі күн жылыну кезіндегі ауа райындағы құбылыстарға қатысты 5 облыста ескерту жариялады.
1 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп болжанады. Көкшетау қаласында 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
1 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде, Қызылорда қаласында 1 сәуірде кей уақытта тұман күтіледі.
1 сәуірде Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп болжанады. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
1-2 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысында жауын-шашын түседі деп болжанып отыр, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 2 cәуірге дейін қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу қауіпті.