Байқоңырда ғарыш кемесін ұшыруға дайындық қалай жүріп жатыр? (ВИДЕО)

Ұшыру алаңындағы дайындық жұмыстары қалай жүргізілгенін видеодан тамашалаңыз
«Союз МС-18» ғарыш кемесі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің есімімен аталады. Сондықтан батырдың суреті мен оның ғарышқа ұшуының 60 жылдығының ресми рәміздері зымыран тасығыштың сыртқы бөлігіне бейнеленген.
«Союз-2.1а» зымыран тасығышы мен «Союз МС-18» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.42-ге жоспарланған.
Халықаралық ғарыш станциясына ұшатын 65-ші экспедиция құрамында Роскосмос ғарышкерлері Олег Новицкий мен Петр Дубров және NASA астронавты Марк Ванде Хай бар. Олар негізгі экипаж құрамында. Ал экспедицияның қосымша экипажының құрамында – Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров пен Олег Артемьев және NASA астронавты Энн Макклейн болады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшыру сәтін тікелей эфирде тамашалауға болады. Тікелей эфир roscosmos.ru сайтында көрсетіледі.
kyzylorda-news.kz