Медиация тәртібімен отбасын сақтап қалды
Талап қоюшы К. талабында, жауапкер М-мен заңды некеде тұратынын, ортақ некеден кәмелетке толмаған үш балаларының барын, араларында өзара түсіністік пен бір-біріне деген сыйластықтың жоғалуына байланысты жауапкермен некелік қатынастың үзілгенін, татуласудың мүмкін еместігін, мүлікке қатысты даудың жоқ екенін, ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, осыған орай араларында тіркелген заңды некені бұзуды сұраған.
Сот отырысында талап қоюшы К. жауапкермен медиациялық келісімге келгенін көрсетіп, араларындағы жасақталған келісімді бекітуді сұрады.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі