Коронавирус кене арқылы жұға ма?

Эпидемиологтың айтуынша, коронавирустың қан соратын жәндіктер арқылы жұғу ықтималдығы өте төмен.
«Кене ақпан айының басында шыға бастады. Әдетте бұл жәндіктің белсенділгі сәуір-мамыр айларында арта түседі. Кененің шағуы өте қауіпті. Алайда күн жылына бастағанда тірілген маса мен кене сияқты жәндіктер коронавирустық инфекция қоздырғышының таралуына қатыса алмайды. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденбеген», – деді Сәкен Әміреев.
kyzylorda-news.kz