Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Желіде Атырау облысындағы «қақтығыстың» видеосы тарады – ҰҚК түсініктеме берді

Желіде Атырау облысындағы «қақтығыстың» видеосы тарады – ҰҚК түсініктеме берді

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желідегі Атырау облысында өтіп жатқан «акциялар» туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«17 сәуірде жекелеген электронды ақпарат ресурстарында Атырау облысында өтіп жатқан акциялар туралы видео тарала бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода «Қалқан-2021″ оқу-жаттығулары көрсетілген», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Комитетттің баспасөз қызметі қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды, ал отандық БАҚ-тан мұндай материалдарды қайта жариялағанда немесе оған сілтеме жасағанда ҰҚК-ға жүгініп, ақпаратты растауды немесе түсініктеме алуды сұрады.
Бұған дейін баспасөз қызметі оқу-жаттығуға дайындық барысында әскери іс-қимылдармен қатар асимметриялық шаралар қолданылатын, радиоэлектрондық күрес құралдары мен пилотсыз техника қолданылатын қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың мүмкіндіктері ескерілгенін хабарлаған еді.

kyzylorda-news.kz
18 сәуір 2021 ж. 325 0