Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Эпидемиологиялық ахуал күрделенуде

Эпидемиологиялық ахуал күрделенуде

Әлем бойынша қазіргі таңда коронавирус инфекциясы қайта өршіп, елде шектеу шаралары күшейтілуде. Қызылорда облысы «сары» аймаққа өтіп, соңғы күндері ауру көрсеткіші өршуде. Арал ауданында да ауру жиі тіркеле бастады, күн сайынғы вирус жұқтырушылардың саны артып келіп, эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Бүгінгі күнге дейін 57 науқас тіркелді. Эпидемиолоигиялық зерделеу жұмыстары нәтижесінде ауданда аурудың көзі үйден жасалған тойдан, бірін-бірінен жұқтырудан болып отыр. Ауданда түсіндіру жұмыстары пәрменді жүргізіліп жатқанымен той жасау толастамауда.
Жыл басынан бері аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топтың тексеру нәтижесінде Арал ауданаралық ауруханасы жанынан құрылған үйлестіру орталығынан келіп түскен шұғыл хабарламалар бойынша карантин талаптарын сақтамаған 15 жеке кәсіпкерлік нысандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы 1 бөлігімен, оның ішінде 5 қоғамдық тамақтандыру орнының жеке кәсіпкерлеріне 230АЕК (50пайызбен 335455тг көлемінде) айыппұл салынса, қалған 10 жеке кәсіпкерлік нысандардың (2 кафе, 8 азық-түлік дүкенінің) қызметкерлеріне 30 АЕК (50пайызбен 43755тг көлемінде) айыппұлдар салынып, өндірілді. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімімен аудандағы жеке тұрғын үйлерден 12 той томалақ өткізілгені анықталып, нәтижесінде 12 жеке тұлғаға 525060тг көлемінде айыппұлдар салынып, барлығы 27 айыппұл салынып, толықтай өндірілді. 4 қоғамдық тамақтандыру орнының жеке кәсіпкерлеріне 5 ұйғарым берілді. Ұйғарымдардың орындалу уақыты 01.07.2021жылға дейін, қайталап бұзушылықтар орын алса істерді, аудандық әкімішілік сотқа жіберу жоспарлануда.
Облыстың «сары» аймаққа енуіне байланысты Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021ж қабылдаған №8 қаулысына сәйкес қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға, ойын-сауық іс-шараларын,бұқаралық іс-шаралар, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауыз ашар», т.б) оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, банкет залдарының жұмысына, компьюетрлік клубтар, бильярд, ойын клубтарының, караокенің қызметіне, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге, балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары) жұмысына, көрермендермен спорттық іс шараларды, ас беруді, жексенбі күні сауна жұмысына қатаң тыйым салынады.
Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын алу жазылу бойынша, банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына уақыт бойынша шектеумен 9.00-ден 18.00-ге дейін, ұйымдар, офистердің қызметкерлерінің 50%- күндізгі режиммен жұмыс жасауға, белгіленген талаптар сақталған жағдайда және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне, қоғамдық тамақтану объектілеріне (үй жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге, 30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық) рұқсат етіледі.
Аталған қаулыға талаптарына сәйкес, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен контингенті 300оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту, білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту, жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адаманан асырмай аралас форматта оқыту, балалардың түзету кабинеттерінің жұмысына, алдын ала жазылу бойынша стоматология, медициналық орталықтар, кабинеттер жұмысы жалғастырылсын.
Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан қорғанудың сенімді жолы –бұл коронавируске қарсы егілу-қоғамдық, ұжымдық иммунитеттерді қалыптастыру. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 1110 доза вакцина келді, 430 адам егілді, егу шаралары жалғасуда. Сондықтан аудан тұрғындарын коронавирусқа қарсы егу шарасын алуға шақырамыз.
Құрметті аудан тұрғындары Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудан көлемінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екенін ескертеді, сондықтан сақтық шараларын сақтауға шақырады, көпшілік жиын-тойларға бармай, көпшілік жиналатын орындарда көшеге шыққанда үнемі бетперде тағып, қолды антисептикпен өндеп, жұмыс орындарда, базарларда, ХҚКО, «Қазпочтада» банкттерде және т.б халық көп жиналатын орындарда 1,5-2м әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, үйлеріңізге сырттан ауру апармай, отбасыларыңызды аурудан қорғаңыз.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
19 сәуір 2021 ж. 309 0