Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ауа сапасы нашарлайды

Қызылордада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 18 сәуір күнгі ауа сапасына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжамға сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдай Қызылорда қаласында болады. Өзге қалаларда метеоахуал қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
19 сәуір 2021 ж. 235 0