Мамандар парацетамолдың қауіпті екенін анықтады

Олардың айтуынша, шамадан тыс қабылданған препараттың аз ғана дозасы жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.
«Жиі кездесетін симптом - жүрек айнуы. Бұл гепатотоксиндік дозаны қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде пайда болады, бұл өз кезегінде бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, препаратты артық ішкеннен ұйқышылдық, сарғаю болып, іштің оң жақ жоғарғы бөлігі ауырсынуы мүмкін.
«Парацетамолды жапсырмадағы немесе қаптамасындағы нұсқаулыққа сәйкес қабылдаңыз», деп кеңес береді денсаулық сақтау органы өкілдері.
sn.kz