Елімізде 65 жастан асқан 121 мыңнан аса адам вакцина алды

Бүгінгі күні қоғам арасында вакцинация тақырыбы қызу талқылау үстінде. Осы ретте халыққа вакцина алуға немесе алмауға шешім қабылдауға көмектесуіміз керек. Себебі түрлі сұрақтарды тудыратын әңгімелер, қауесеттер жетерлік, - деді дәрігер.
Манар Смағұл атап өткендей, вакцинациялау екі бөліктен тұрады. Арасында 21 күндік интервалы бар.
Бүгінгі күні вакцинаның І компонентімен 823 мыңнан аса адам, ІІ компонентін 132 мыңнан аса адам алды. Бірінші компонентті алғандардың арасында созылмалуы аурулары бар 32 314 адам алса, ал осы санаттағылардың толық компонентін алғандар саны 8 397 адам құрайды. Сонымен қатар иммунизациялауға 121 мыңнан аса 65 жастан асқандар қатысты. Ал олардың 8 мыңнан асасы вакцинаның екінші компонентін де алды. Бүгінгі таңда екпеден кейін ауыр белгілері тіркелген жоқ, - деп түсіндірді ол.
Вакцина алған тұрғындардың 0,4%-ында жергілікті және жалпы реакциялары байқалған. Яғни уақытша температураның, қан қысымының көтерілуі, инъекция салған жердің қызаруы және ауыруы сияқты белгілер болған.
Халықтың арасында жиі қойылатын сұрақтардың бірі – жұмысқа оралар кезде ПТР тестін тапсыру. Бұл норма бүгінгі күні елімізде қала береді. Себебі КВИ жұқтырғындар саны артып, вакцина алғандары саны әлі айтырлықтай көп емес, - деп атап өтті Манар Смағұл.
baq.kz