Дәрігерлер коронавирустың күтпеген салдарын атады
Франция дәрігерлері коронавирус қалқанша безінің ауруларын, қабыну және аутоиммундық ауруларды тудыруы мүмкін деп ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
CHU-Larrey ауруханасының эндокринология және метаболикалық аурулар бөлімінің мамандарының зерттеуі COVID-19-дың күтпеген салдарын анықтады.
Зерттеуге сәйкес, коронавирус инфекциясының өкпеден тыс көріністеріне эндокриндік формалар, соның ішінде ұйқы безі, гипофиз, гонад және қалқанша безінің аурулары кіруі мүмкін.
Ғалымдар COVID-19 жұқтырған науқастарда субакутты немесе созылмалы тиреоидиттің (әр түрлі сипаттағы қалқанша безінің қабыну зақымдануы), Хашимото ауруы (аутоиммундық шығу тегі бар қалқанша безінің созылмалы қабыну ауруы) және басқа эндокриндік патологиялардың едәуір жиілігін мәлім етті.