Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бұрынғы әйелінің сөмкесін ұрлап кеткен ұры ұсталды

Қызылордада бұрынғы әйелінің сөмкесін ұрлап кеткен ұры ұсталды

Қызылордада бұрынғы әйелінің сөмкесін ұрлаған ұры ұсталды.
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде полиция бөлімшесіне Қызылорда қаласының тұрғыны жүгінді. Анықталғандай, кешкі сағат 21:00 шамасында арызданушының бұрынғы күйеуі жатын бөлмесіндегі терезені сындырып, терезе алдынан 60 000 мың теңгеден астам ақшасы мен сөмкесін ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары аясында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері күдіктіні ұстады. Ол 1985 жылы туған облыс орталығының тұрғыны. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

kyzylorda-news.kz
27 сәуір 2021 ж. 522 0