Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада найзағай ойнап, күшті жел соғады

Қызылордада найзағай ойнап, күшті жел соғады

Казгидромет 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның ақпаратына сәйкес, 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерде 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында 29 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші – 15-20 м/с.

Павлодар облысының кей жерінде найзағай ойнап, түнде тұман түседі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерде 15-20 м/с болады.

Қостанай облысы мен Қостанай қаласында кей жерде найзағай болып, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп болжанды.

29-30 сәуірде Қарағанды облысының кей жерінде найзағай болады, күндіз 30 сәуірде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Сонымен қатар 29 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

kyzylorda-news.kz
29 сәуір 2021 ж. 237 0