Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүгін 7 облыста ауа райының бұзылатыны ескертілді

Бүгін 7 облыста ауа райының бұзылатыны ескертілді

Қазгидрометтің хабарлауынша, 7 тамызда Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланып отыр.

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-батысында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, күші – 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
baq.kz
07 тамыз 2020 ж. 515 0