Педагог құқығы жіті қорғалады

Қаңтар айында педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңес құрылған болатын.
-Педагогтар тарапынан туындаған мәселерге байланысты білім беру ұйымына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мұғалімдерге түсіндірме беріліп отырылады. Жыл басынан бері әдеп қағидасын бұзған білім беру ұйымының бір басшысына қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі педагогтардың мәселелерін үнемі назарға алып, департаментке қойылатын сауалдарға жауап берілуде. Осыған орай тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл шараларын атқарудамыз, – деді Ғалия Ноғайқызы.
syrboyi.kz