Токиода суға секіруден лицензиялық әлем кубогі басталады

Турнирге әлемнің 48 мемлекетінен 251 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Спортшылар 3 метрлік трамплин мен 10 метрлік мұнарадан секіруден өзара жеңімпаздарды анықтайды.
Жарыс жекелей және жұптық сын бойынша өтеді. Одан бөлек, 6 мамырға дейін жалғасатын жарыс Токио Олимпиадасының лицензияларын да үлестіреді.
Суға секіруден әлем кубогінде Қазақстан атынан Елизавета Борова сынға түседі.
baq.kz