Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаяу жүргені үшін ақша төлене бастады

Жаяу жүргені үшін ақша төлене бастады

Жаңа жоба аясында халыққа ақы төленеді.

Көрші елде «Салауатты өмір салты» жобасы сәуір айында бекітілген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді ол 10 мамырдан бастап сынақ күйінде іске қосылды. Жобаға тек Өзбекстан азаматтары ғана қатыса алады. Ол үшін электронды үкімет порталында тіркеліп, телефонға арнайы қосымшаны жүктеп алу керек. Жоба бойынша жасы 18-ден асқан өзбекстандық 1 тәулікте 10 мың қадамнан артық жүріс жасаса, оның шотына 125 теңге көлемінде ақша түсіп отырады. Ал әр айдың қорытындысы бойынша ең көп жүрген адам 12 мың мен 40 мың теңге аралығында табыс таба алады. Кімнің қанша қадам жүргенін қалай анықтау керегін жергілікті билік әзірге білмей отыр. Сондықтан платформа 1 маусымға дейін сынақтан өтеді. Кейін әдісі табылғаннан соң толыққанды іске қосылады деп жоспарланған.

kyzylorda-news.kz
12 мамыр 2021 ж. 211 0