ІІМ білім беру мекемелерінде тексеруді бастады

17 мамырда басталатын “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде қару мен оқ-дәрілерді сатудың заңдылығын, оларды қару дүкендерінде, сондай-ақ атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларда қауіпсіз сақтау шарттарын тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін анықтау және ден қою үшін интернет-кеңістіктің тұрақты мониторингі жүзеге асырылатын болады.
«Балалар – қоғамның ең осал бөлігі. Сондықтан олардың қауіпсіздігі әрқашан басымдыққа ие. Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру мекемелерімен және азаматтармен бірлесіп біз балалардың мектептерде білім алып, ата-аналардың бала қауіпсіздігі туралы алаңдамауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіспіз», – деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.
kyzylorda-news.kz