Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қару" жедел профилактикалық іс-шарасы

"Қару" жедел профилактикалық іс-шарасы

Аудан аумағында қазан айының 16-21 күндері аралығына жоспарланған " Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Аталған алдын алу іс-шарасының үш күнінде тәртіп сақшыларымен 3-дана ІІО-да тіркеуде жоқ аңшы қаруы тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1 бөлігі бойынша, яғни (қаруды сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелерін бұзу ) бойынша 3-тұлғаға әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұл шаралары көрілді. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1 бөлігімен (Ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ заңсыз қаруды алып жүргені үшін)-3-тұлғаға әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар тиісті процессуалдық шешім қабылдану үшін аудандық сотқа жолданып, аталған тұлғалардың мылтықтары тәркіленген.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабының 1-бөлігі (Қаруларды тіркеу немесе есепке қою тәртібін бұзу) бойынша 2-тұлғаға әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шаралары көрілді.

Тәркіленген, заңсыз қару азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы және ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторларымен алынды.

Атап өтер жайт, аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты - аудан көлемінде заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу және олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау. Сондвй-ақ, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын- алу, ескерту және оларды ашу жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады.

Арал ауданының Полиция бөлімі

19 қазан 2020 ж. 695 0