Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Диетолог жазға дейін арықтаудың дұрыс әдісін айтты

Диетолог жазға дейін арықтаудың дұрыс әдісін айтты

Диетолог Алена Барредо жазға дейін арықтаудың дұрыс әдісін айтты. Ол бұл туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, экспресс-диеталарға отырмау керек, өйткені олар май ерітетін гормондардың метаболизмі мен синтезіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сарапшы калорияны төмендетуден бастаған дұрыс екенін атап өтті. Бұл ретте кешкі асқа ерекше назар аудару керек. Барредо кешкі асты ертерек ішіп,  көбірек көкөністер мен майсыз ақуыз жеуге кеңес берді.
"Сонда салмақ біртіндеп азаяды, бұл ағза үшін дұрыс болады", - деп түйіндеді ол.
Маман аптасына 500 грамнан артық салмақ тастамауға кеңес берді. Өйткені тез арықтау керісінше болашақта қосымша салмақ қосуға әкелуі мүмкін.
24 мамыр 2021 ж. 394 0