Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: 1-маусымнан бастап суға шомылуға рұқсат

Қызылорда: 1-маусымнан бастап суға шомылуға рұқсат

Облыста өзен және көлдерге суға шомылуға бірінші маусымнан бастап рұқсат етіледі. Қазір арнайы орындар дайындалып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Тоғызбаев мәлімдеді.

Төтеншеліктер су шомылу маумсына сақтық шараларына аса мән беру қажеттігін ескертеді. Жедел-құтқару жасағында 54 сүңгуір маманы, 18 бірлік техника, 16 дана ілмелі моторлар және 29 жүзу құралы бар.
Жаз айларында тұрғындар демалыстарын өзен-көлдердің жағасында өткізеді. Қарапайым ережелерді сақтамағаннан бақытсыз жағдайлар орын алады. Арнайы белгіленбеген орынға мүлдем суға түсуге болмайды. Қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолданғандарға шара көріледі. Қазір рейдтік шараларды көбейтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз», – деді Асхат Талантұлы.
Осыған дейін, судағы қауіпсіздік ережелері онлайн режимде 195 оқушыға, алғашқы көмек көрсету тәсілдері 7 интерактивтік сабақ арқылы түсіндірілді.

kyzylorda-news.kz

24 мамыр 2021 ж. 684 0