Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды

Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды

ҚР Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдинов ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың 28 мамырында құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдиновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты қалған ақпарат жария етуге жатпайды», – деп жазылған Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растаған мәліметте.

kyzylorda-news.kz
29 мамыр 2021 ж. 226 0