Қазақстанда тағы да күн суытады
«Қазгидромет» алдағы үш тәуліктегі ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады.
10 маусымда Қазақстанның орталығы мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады.
Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстікте ауа температурасы төмендейді.