Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 16 тойхана өз бизнесін қайта бағдарлады

Қызылордада 16 тойхана өз бизнесін қайта бағдарлады

Қызылордада тойханалар бизнесін өзге бағыттарға қайта бағыттау жұмыстары жүруде.
«Бүгінгі күні 16 тойхана өз бизнесін қайта бағдарлады. Мәселен, нан өнімдерін шығару, қоғамдық тамақтандыру, тігін шеберханасы, спорт кешені, құрылыс заттары және тағы да басқа кәсіпорындары жұмыстарын бастады», – дейді аймақ басшысы.
Айта кетейік, пандемиямен күрес аясында бүгінде халықтың басым бөлігімен жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерліктің 142 ірі субъектісі (510-ның 28%-ы) «Ашық» қосымшасын пайдаланады. Негізінен, бұл қоғамдық тамақтану объектілері, бассейндер, фитнес залдар, спа-орталықтар және компьютерлік клубтар.

kyzylorda-news.kz
10 маусым 2021 ж. 266 0