Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұраңыз жауап береміз

Сұраңыз жауап береміз

Өзім зейнеткермін, менің І топ мүгедек балама 1999-2010 жылдар аралығында жұмыс істемей, күтім жасаған жылдарым базалық зейнетақы төлемін есептегенде стажға есепке алына ма?
         Қазақстан Республикасында қолданылған зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң пактілері бойынша зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүргізіледі (негіздеме: Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 21.06.2013 ж. №105 (бұдан әрі – Заң).
Сонымен қатар жоғарыда аталған Заңның 4-бабының 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы және базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде жұмыс істемей, бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыты есепке алынады.
Осы заңды жүзеге асыру мақсатында ҚР-сы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №223 бұйрығымен бекітілген Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) бойынша бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі негізге алынады.
Сондықтан жоғарыда аталған Заң мен Қағиданың тәртібі бойынша Сіздің бала кезінен І топ мүгедегіне 1999-2010 жылдар аралығында жұмыс  істемей күтім жасаған жылдарыңызды сот шешімі негізінде дәлелденуі қажет.
Аталған кезең сот шешімі негізінде дәлелденген жағдайда, жалпы еңбек өтіліне қосып, соған сәйкес базалық зейнетақы мөлшерін қайта есептеуге болатындығын түсіндіреміз.
Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта қарау үшін жергілікті Мемлекеттік Корпорация бөлімшесіне өтінішпен қоса сот шешімі көшірмесін қоса ұсынған кезеңнен бастап жүргізілетінін хабарлаймыз.
А.БҰХАРБАЕВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы  
13 маусым 2021 ж. 210 0