Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Қызылордада кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Қызылорда облысында сот төрелігінен жасырынып жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды.
Қызылордалық 34 жастағы ер адам кісі өлтірді деп айыпталуда.
2018 жылдың күз айында Қызылорда қаласынындағы Яссауи мен Ә.Бөкейханов көшелерінің қиылысындағы жанармай бекетіне қарама-қарсы тұста өзінің «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінде елорда тұрғыны өлі күйінде табылған болатын. Оның кеуде тұсына екі рет оқ атылған.
Полицейлер айыпталушыны анықтады. Сол жылдың 5 желтоқсанында Қызылорда қаласының тұрғыны кісі өліміне күдікті деп танылды.
Бой тасалап қашып кеткен қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланған еді. Оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

kyzylorda-news.kz
18 маусым 2021 ж. 473 0