«Сыр медиа» ұжымы коронавирусқа қарсы вакцина салдыруда
Қызылордадағы «Сыр медиа» ЖШС-ның қызметкерлері де вакцина салдырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда.
Қазіргі таңда мекеменің 102 қызметкері екпе қабылдады.
«Қауіпті індетпен күрестің бірден-бір жолы вакцина алу. Мамандардың пікіріне құлақ асып, өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігін ойлағандықтан екпе алдық. Қоғаммен тығыз жұмыс істейтін мамандардың қатарында журналистер де бар. Олар жауапкершілікті жақсы сезінеді. Ұжымда жалпы 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Оның 102-і вакцина алды. Алдағы күндері де бұл жұмыстар жалғасады», – дейді «Сыр медиа» ЖШС директорының бірінші орынбасары Марат Аралбаев.
Мамандардың айтуынша вакцинация – індеттен қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Екпеден кейін әсері болуы мүмкін, бірақ бұл табиғи процесс. Вакцинадан кейін сіз де «COVID-19» вирусына қарсы иммунитет қалыптасады.