Қызылордада 13 жасар қыз жоғалып кетті

13 жастағы жасөспірім 18 маусым күні сағат 12:30 уақыт шамасында белгісіз бағытқа шығып қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті іздеу салады.
Ерекше белгілері: бойы 155 см, арық денелi, қараторы келген, шашы қоңыр түсті иығынан келеді, қысынқы көздi.
Киген киімдері: қызыл түсті шорты, қызыл түсті футболка.
Қандайда бір ақпарат немесе жүрген жерлері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.
Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25

kyzylorda-news.kz