Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндері оңтүстік облыстарда ауа температурасы плюс 40-45°С-қа жеткен аптап ыстық тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің мәліметіне қарағанда, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттармен бірге Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен салқын және дымқыл ауа келе бастайды. Сондықтан республика аумағының басым бөлігінде ыстықтың беті қайтады.
Еліміздің солтүстік өңрінде найзағайлы жаңбыр жауып, жауын кезінде күшті жел соғады деп болжанады.
Ал оңтүстік облыстардың жеке аудандарында, әсіресе таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

baq.kz
09 шілде 2018 ж. 1 466 0