Вакцинация — пандемиядан шығудың сенімді жолы

Кешенді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалыптасқан жағдай жақсарып, өңіріміз «жасыл аймаққа» өтті. Дегенмен отбасымыздың саулығы мен ұжым қауіпсіздігі үшін сақтық талаптарын орындауымыз керек. Вакцина салдыру – індетпен күрестің бірден-бір жолы. Өз денсаулығымыз өз қолымызда. Сондықтан ел арасындағы алып-қашпа әңгімеге емес, мамандардың пікіріне назар аударғанымыз жөн. Екі компоненттің құрамы екі түрлі болғандықтан, вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, адамда иммунитет қалыптаспайды екен. Сондықтан екінші компонентін міндетті түрде салдыру керектігін түсіндім. Сөйтіп, екпенің І және ІІ компонентін де алдым. Бұл алдымен өзіме және қызмет ететін ортада ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Екпе алу денсаулығыма ешқандай кері әсерін тигізген жоқ. Сондықтан тұрғындарды жасына қарамастан, тіпті созылмалы аурулар болса да, міндетті түрде вакцина алуға шақырамын. Вакцинация — пандемиядан шығу қадамы. Бұл шақыру да, насихат та емес. Бұл шынымен де өмір сүру, ауруға төтеп беру және өзіміздің, жақындарымыздың келешегі үшін жасалатын сенімді қадам ойлаймын.
Ә. ТОҚТАМЫСОВ,
қала тұрғыны