Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, 28 маусымда Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, батысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдауы ықтимал.
Еліміздің шығысы пен оңтүстігінде күн райы ашық болады. Солтүстікте, батыста және оңтүстік-шығыста жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, оңтүстік-шығыста және батыста бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының басым бөлігінде өрт қаупі өте жоғары.
kyzylorda-news.kz