Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы: Қызылорда облысында ескерту жарияланды

Ауа райы: Қызылорда облысында ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 13 сәуірдегі ауа райына болжам жасады.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Ал оңтүстікте, оңтүстік шығыста нөсер жаңбыр, батыста, солтүстік батыста жаңбыр соңы қарға айналады. Кей жерлерде тұмен түседі, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Оңтүстік өңірде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік шығыста бұршақ түсуі, солтүстік батыста бұрқасын болуы ықтимал.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерде күн күркірейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
https://kyzylorda-news.kz/​​​
13 сәуір 2020 ж. 531 0