30 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Республиканың кей аймақтарында найзағай жарқылдап, тұман түседі. Жел күшейіп, бұршақ жаууы, оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.
Павлодар облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Жамбыл, Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.