Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда МӘМС мәртебесін өзектендіру үшін азаматтардың дерекқорына салыстыру жүргізіледі

Қазақстанда МӘМС мәртебесін өзектендіру үшін азаматтардың дерекқорына салыстыру жүргізіледі

Мемлекеттік органдардың өкілдері ведомствоаралық комиссия отырысында сақтандырылушы мен сақтандырылмаған халықты дұрыс бейнелеу мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда шетелдіктердің тұруға ықтиярхаты бойынша құжат алғанға дейін МӘМС жүйесінде кезеңді сәйкестендіруде мәселе бар.
ҚР-да тұрақты тұратын (тұруға ықтиярхат алған) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұруға ықтиярхат алған сәттен бастап төлемдер болған кезде сақтандырылу мәртебесі ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграциялану жоқ (яғни адамның тұруға ықтиярхат алған күніне байланыстылығы жоқ) болғандықтан автоматты түрде берілмейді. Осыған байланысты жүйеде тұруға ықтиярхатсыз шетелдіктер болған кезеңдер үшін берешек қалыптасады және тиісінше олардан МӘМС жарналарын төлеу талап етілмеді (ЕАЭО мүше елдерінің азаматтары болып табылатын еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінен басқа).
Осыған байланысты, Қорға ҚР ІІМ-мен бірлесіп, ықтиярхатты алу күніне байланыстыруды жүзеге асыру үшін Қордың АЖ-ін ҚР ІІМ-нің АЖ-мен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар, Қордың "Saqtandyrý" АЖ-да сақтандырылмаған халық саны дұрыс қалыптаспайды және 4,2 млн адамға жетеді, өйткені ҚР Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЖТМДҚ) есепте тұрған, басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен, қайтыс болған ҚР азаматтарының мәліметтерін өзектендіру тетігі жоқ.
Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігіне Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен және Әділет министрлігімен бірлесіп, "Бекітілген халық тіркелімі" және "Жеке тұлға "мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйелерінде қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткен адамдар бойынша сүзгіні белгілей отырып, процесті автоматтандыру тетігін одан әрі әзірлеп, мәртебелерді салыстырып тексеруді және өзектендіруді қамтамасыз ету тапсырылды.
30 маусым 2021 ж. 343 0