Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда түйе ұрлаған күдікті ұсталды

Аралда түйе ұрлаған күдікті ұсталды

Арал ауданының тұрғыны 2 бас түйені ұрлап, иесіне 1 млн 800 мың теңге көлемінде  шығын келтірген.  
Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары барысында күдікті ауданның тұрғыны анықталып, ұсталды. Белгілі болғандай ол ұрланған  түйелерді ауылдан шалғай далалық жерде ұстаған.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.  
«Аталған дерек  бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 – бабының 3 – бөлігі бойынша (Тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған мал ұрлығы) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», делінген полиция департаментінің хабарламасында.

kyzylorda-news.kz​​​
04 шілде 2021 ж. 361 0