Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

7 шілдеде республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр болжанады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, желдің күші – 15-20 м/с. Қостанай облысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артып, шаңды дауыл күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ болады.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады. Ал Қызылорда облысының басым бөлігінде өте қатты ыстық сакталады.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық әлі де жалғасады.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz
07 шілде 2021 ж. 265 0