Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Hayat-Vax вакцинасы Қазақстанға тағы қашан әкелінеді?

Hayat-Vax вакцинасы Қазақстанға тағы қашан әкелінеді?

Бұл сұраққа Орталық коммуникация алаңында өткен онлайн-брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді.
Оның айтуынша, Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары елімізге шектеулі көлеммен әкелінген. Вакциналар Қазақстанға жеткізілген соң көлемдері екі компонентке жететіндей етіп бөлініпті. Қазақстан бойынша 486 мыңнан астам Hayat-Vax салдырыпты.

Бүгінде оның бірінші компонентінен 13 мыңдай қалды. Ал қалған екінші компонентке салынған екпелер медициналық мекемелер мен ұйымдардың қоймаларында сақтаулы. Hayat-Vax және CoronaVac-тың бірінші компонентін алған азаматтар екінші екпесін ала алады, - деді вице-министр Марат Шоранов.
Сондай-ақ ведомство басшысы жарты миллионға жуық адам алғандықтан аталған вакцинаның бітейін деп қалғанын алға тартты. Вакциналардың қосымша партиясын әкелу үшін келіссөздер жүріп жатқанын да жасырмады.

Бұл вакциналар бірреттік келісімшартпен әкелінген болатын. Қазір келіссөз процесі жүріп жатыр. Қандай шешім қабылданатыны зауыттың өндірістік көлемі мен келісімшарттарға байланысты болып отыр. Нақты мерзімін белгілеуге тырысамыз, - деді ведомство басшысы.

baq.kz
08 шілде 2021 ж. 368 0