Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалған вакцина паспортын жасағандар ұсталды

Жалған вакцина паспортын жасағандар ұсталды

Алматыда вакцинация паспортын қолдан жасаған үш медициналық мекеменің қызметкерлері ұсталды. Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық арнасы мәлім етті.
Атап айтқанда, «Достар Мед», «Сұңқар» медициналық орталықтары мен №4 емхананың қызметкерлері ПТР нәтижесі мен вакцинация төлқұжатын қолдан жасап сатқан.
Нұр-Сұлтанда да жалған ПТР-тест анықтамасын жасайтын медициналық орталық анықталды. Орталық басшысы заңсыз анықтама үшін клиенттерден 6 мың теңгеден алған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері елден тыс аумақта бола тұрып, теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасының электронды нұсқасын жасап, 5500 теңгеге сатқан қазақстандықты анықтады.

syrboyi.kz
12 шілде 2021 ж. 364 0