Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 4,4 млн адам бірінші екпе алды

Елімізде 4,4 млн адам бірінші екпе алды

Денсаулық сақтау министрлігі бүгінге дейін вакцина алған қазақстандықтар туралы ақпаратты жариялады.

2021 жылғы 12 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның  1 - ші компонентін  4 486 677 адам,  2 - ші компонентін 2 490 517 адам салдырды.

Соған қарамастан, індетке шалдыққандар саны күн сайын көбейіп келеді. Бүгінгі мәлімет бойынша бір тәулікте коронавирус індетін 3693 адам жұқтырған.

baq.kz
13 шілде 2021 ж. 289 0