Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйымшыл ұжымның игілікті ісі

Ұйымшыл ұжымның игілікті ісі

Елдегі жағдай елді елең еткізді. Қуаңшылық пен жауын-шашын мөлшерінің аз болуына байланысты шаруалардың жұмысы мен малды жем-шөппен қамтамасыз ету жайы жан-жақты зерделеніп, қолға алынып жатыр. Бұл – атқарушы биліктің халыққа жасаған қолдауы.

Бірақ "Бірлік түбі – береке" екенін естен шығармаған аудан жұртшылығы жақында тағы бір игі істің бастамашысы болды. Тұтастай бір ауылдың тұрғындарын қуанышқа бөлеген бұл ұжым осы уақытқа дейін де елдің алғысын алып, өзгеге үлгі боларлық шараларымен, әркез жақсы ісімен жиі ауызға ілігіп жүрген – Халыққа қызмет көрсету орталығы мекемесі.
Атап айтар болсақ, ХҚКО ұжымы сын сағатында ауызбіршілік танытып демеушілік жасап, Аққұм ауылдық округінің орталығы Шижаға ауылының тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларына көмек ретінде прес шөптер таратты.
Осынау игі іске бастамашы бола білген ұжым басшысы, облыстық мәслихат депутаты Л.Ибраимова мен барша қызметкерлерге ауылдық округ әкімі Нұрбек Жандәулетов ауыл тұрғындары атынан алғысын айтып, зор ризашылығын білдірді.

О.ЖОЛДАСОВ

20 шілде 2021 ж. 533 0