Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

Демалыс күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 

24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде нөсер болып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа айы болады.
Ауа температурасы күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 ыстық, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 ыстық болады деп болжануда, солтүстікте температура  32-40 ыстықтан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендейді. 

baq.kz
23 шілде 2021 ж. 325 0