Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елін ойлаған азаматтар аман болсын

Елін ойлаған азаматтар аман болсын

Өңіріміздегі қуаңшылық жағдайына байланысты «Абзал и К» ТС-нен ауылымызға 1000 прес шөп келіп жатыр. Жеткен көмекке ауыл тұрғындары дән риза. Міне, азаматтар Құрбан айт мерекесі қарсаңында елге келіп, игі іс жасап жатыр. Жалғасын таба берсін. Алла ниеттерін қабыл етсін. Халқымызда «Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» деген сөз бар ғой. «Абзал и К» ТС-те қызмет атқаратын азаматтардың еңбектері жемісті болсын. Жерден ризық терген азаматтардың өнімдері мол болсын. Берекелі, бітік шыққан өнім аудан халқына да жұғысты болсын. Осындай қиын жағдайда елмен бірге болған аймақтағы, аудандағы барлық азаматтарға Алла абырой берсін. Ел мүддесі жолында қолға алып жатқан әрбір бастамаларына сәттілік тілейміз. Қиындықта ел бірге! Сол ұранмен әрі қарай еңбек етіп, елді қиын жағдайдан азаматтар алып өтеріне сенімдіміз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Қиындықта ел бірге!» атты қайырымдылық асары аясында ауылымызға қарасты Ақеспе елді мекеніне де 720 прес шөп жеткізілді. Ол жақтағы ағайынға да уақытылы жеткен шөп айтарлықтай көмек болып тұр.
Ш. МАМБЕТЖАНОВ,
су шаруашылығы саласының зейнеткері,
Қосаман ауылы
23 шілде 2021 ж. 654 0