Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас мүфти видеоүндеу жолдады

Бас мүфти видеоүндеу жолдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дәрі бағасын қолдан қымбаттатпауға шақырды.
«Асыл дінімізде қажет уақытта керек көмекті жасау үлкен сауапты амалдың біріне жатады. Сындарлы сәтте науқас жандарға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп, алғысын алайық. Дәрі бағасын қолдан қымбаттатуға жол бермей, жақсылық жасауға асығайық. Ал жұртымызды жұқпалы індеттен арашалап алуға бар күшін жұмсап, жән-тәнімен қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы сөзімізді арнап, жігерін оятайық. Олар үшін әрдайым дұғада болайық», – деді ҚМДБ төрағасы.
Видеоүндеуде бас мүфти көптеген азамат сынақ сәтінде садақа беріп, құрбан шалып, дұға етіп жатқандығын да атап өтті.
«Садақамыз бен құрбандығымыз осы бір нәубетті кезеңнен аман-есен өтуге себепкер болсын. Халық даналығы: «Көп тілегі көл болар« дейді. Баршаңызды көппен бірге ел игілігі үшін дұға жасап, салауат пен истиғфар айтуға шақырамын. Халқымыз: «Ауыр жол – атаңды сынайды, ауыр іс – адамды сынайды» деген. Расында бұл сынақ жас пен жасамысқа оңай тиіп жатқан жоқ. Алла Тағала дертке шалдыққандарға шипа беріп, дәм-тұзы таусылған жандарды мейіріміне алғай. Әмин!», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

kyzylorda-news.kz​​​

08 шілде 2020 ж. 503 0