Бір облыстан басқаның бәрі «қызыл» аймақта
«Жасыл» өңір қалмады. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы осыны көрсетті. Тек Түркістан облысы ғана «сары» аймақта. Ал өзге өңірлер, мегаполистер «қызыл» белдеуде тұр, яғни ковид жұқтырғандар саны артқан. Мысалы тек бүгінгі ғана статистиканы алсақ, өткен тәулікте еліміз бойынша індет жұқтырудың 6 521 жағдайы тіркелген.
Ең көп жағдай Нұр-Сұлтан қаласында анықталған – 1522
Алматы қаласында – 1080
Шымкент қаласында – 507,
Ақмола облысында – 193
Ақтөбе облысында - 250,
Алматы облысында - 220,
Атырау облысында - 446,
Шығыс Қазақстан облысында - 101,
Жамбыл облысында - 108,
Батыс Қазақстан облысында - 309,
Қарағанды облысында - 750,
Қостанай облысында - 167,
Қызылорда облысында - 170,
Маңғыстау облысында - 255,
Павлодар облысында - 211,
Солтүстік Қазақстан облысында - 123,
Түркістан облысында - 109.