Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан тоқтатуға арналған желім

Қан тоқтатуға арналған желім

Канададағы Батыс Онтарио университетінің ғалымдары қан кетуді тоқтата алатын желім жасап шығарды.
 Препараттың негізгі құрамы – ланцегол жыландарының уынан бөлінетін батроксобиннен тұрады. Дәрігерлер бұл затты гидрогельмен араластыра отырып, хирургиялық операциялар кезінде қан кетуді тоқтату үшін қолданады. Тәжірибе кезінде оны жарықта қататын арнайы желатин құрамына қосқан. Кеміргіштерге зерттеу кезінде ғалымдар жараны 45 секундта бітей алған. Осылайша қан жоғалту 78 пайызға төмендеген. Препарат кесілген жерлерге, қолқаның жарылуына және бауырдың зақымдануы кезінде қолдану үшін тиімді екендігі дәлелденген. Желімді ойлап табушылар кейбір өзгертулерден кейін өздерінің өнертабысы барлық жерде қолданылатын болады деп үміттенеді. Бұл аппликаторы бар түтікке салынған дәрі болады.

"Толқын" ақпарат 
(Интернет желісінен алынды)
26 шілде 2021 ж. 470 0