Медиация ерлі-зайыптыларды татуластырып, отбасын сақтап қалды
Азаматша К. Арал аудандық сотына талап арызбен жүгініп, жауапкер С-мен заңды некеде тұратынын, жауапкермен мінездерінің жараспауына байланысты келешек бірге тұрудың мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы некені бұзуды сұраған.
Сол секілді, азаматша М. жауапкер Е-мен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некелерін бұзуды сұраған.
Дауды бейбіт жолмен шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, толық емес отбасында өскен баланың келешегі туралы татуластырушы-судья С.Бертаймен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, ерлі-зайыптылар талап арыз соттың іс жүргізуіне қабылданбай тұрып, дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірген.
Сот ұйғарымдарымен ерлі-зайыптылардың отбасын сақтап қалу жөнінде жасасқан медиативтік келісімдері бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға қайтарылды.
Осылайша, жүргізілген татуластыру рәсімдері ерлі-зайыптыларды татуластырып, отбасыларын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі