Қызылордалық алаяқ шымкенттікті тоғыз миллион теңгеге алдаған
Қызылордалық алаяқ шымкенттікті тоғыз миллион теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының полиция басқармасына хатшылық арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жеке тұлға сеніміне кіріп, сатылымға қойған құны тоғыз миллион теңге тұратын VAN HOOL маркалы автобусын Қызылорда қаласында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында анасының атына рәсімдеп алып, ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
baq.kz