Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар медиация туралы не біледі?

Қазақстандықтар медиация туралы не біледі?

Қазақстандықтардың медиация туралы не білетіндігі туралы әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижелерін ұсынамыз.

Қазақстанда «Медиация туралы» заң 2011 жылдың 5 тамызында күшке енді. «Медиация» термині латынның «mediare» деген сөзінен шыққан, яғни аралыққа жүруді білдіреді.
Әртүрлі қақтығыстарға қатысушылар арасындағы көптеген даул мен келіспеушілікті сотқа дейін медиацияның көмегімен шешуге болады. Медиацияның сот ісін жүргізуге қарағанда артықшылығы - уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдеу, сондай-ақ жеке процедураның құпиялылығында.
Дауды шешудің бұл түрі бүгінде бүкіл әлемде кең таралған түрлердің бірі болып табылады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даудың 30-40% медиациялық рәсімінен өтеді, олардың 85% оң нәтижелерге қол жеткізді.
Ал қазақстандықтар медиация туралы не біледі?
Әлеуметтанулық сауалнамаға сот жүйесімен тікелей немесе жанама өзара әрекеттесу тәжірибесі бар респонденттер қатысты. Қазақстандықтардың сотқа жүгінуіне әкімшілік құқық бұзушылықтар, әртүрлі сипаттағы даулар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар себеп болды.
Осы сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 15,9%-ы медиаторлардың қызметтерін пайдаланып үлгерген, ал болашақта азаматтық даулар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтармен қақтығыс жағдайында, олар қақтығыстарды шешудің осы түрін таңдайды .
Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы (45,3%) дауларды медиациялық шешу әдісі туралы ештеңе білмейді.

baq.kz



05 тамыз 2021 ж. 318 0