Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот міндетті вакцинацияны заңды деп тапты

Сот міндетті вакцинацияны заңды деп тапты

Сот міндетті вакцинацияны заңды деп тапты. Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Францияның Конституциялық соты міндетті вакцинация мен "денсаулық паспорттарын" енгізуді заңды деп тапты.
Сот Үкіметтің карантинге қатысты кейінгі ұсыныстарын, соның ішінде кейбір сала қызметкерлеріне ғана міндетті вакциналауды заңды деп тапты.
Алайда судьялар вакциналаудан бас тартқан қызметкерлермен келісімшарты бұзу мен коронавирус жұқтырған жағдайда міндетті түрде өзін-өзі оқшаулауды конституцияға сай емес дейді.

Сондай-ақ, сот мейрамханалар мен сауда орталықтарына кедергісіз кіруге мүмкіндік беретін "денсаулық паспорттарын" іске қосуды қолдады.
Бұған дейін 12 шілдеде Франция президенті медицина қызметкерлерін міндетті түрде вакциналау туралы қаулы жариялады, сондай-ақ 21 шілдеден бастап теріс ПТР-тестсіз және толық вакцинациясыз кинотеатрларға, барларға, СОО-ға баруға және пойыздар мен ұшақтарға билеттер сатып алуға болмайтынын хабарлады. Осыдан кейін елде наразылықтар басталды. Францияның барлық қаласында наразылық акциясына 200 мыңнан астам адам шықты.

06 тамыз 2021 ж. 184 0