Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылға көмек келді

Ауылға көмек келді

Биылғы ахуал аудан халқы үшін қиынға түсті. Әсіресе мал шаруашылығын кәсіпке айналдырып отырған ауылдарға тіпті ауыр болды. Сол қиын сәттерді көзбен көріп, малдың жағдайына алаңдаған ауылдардың бірі Жаңақұрылыс ауылы.Төрт түлік малдан береке тауып, ата кәсіпті өркендетіп отырған ауылдың халқы қуаңшылықтың зардабынан көп қиындыққа шыдауға тура келді. Бірақ халықтың жайын, төрт түліктің амандығын ойлаған аудандағы атқарушы биліктің дер кезінде әрекетке көшуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.Бүгінде осы қиындықтың алдын алып, мәселені шешу жұмыстары басталып кетті. Оған көзіміз жетті. Бүгінгі күні жаңақұрылыстықтар жасалған жұмыстың жемісін көріп те үлгерді.
Нақтырақ айтсам осы уақытқа дейін тұрмысы төмен, көмекті қажет ететін отбасыларға 100 жоңыршқа прес жеткізілсе, одан кейін барша ауыл тұрғындарына прес шөбі әкелінді. Одан бөлек Б.Өтемұратов қорынан бөлінген ақшаға әрбір үйге жем үлестірілді.
Міне, мұндай қолдаудың, көмектің халық үшін қаншалықты маңызды екенін айтпаса да түсінікті. Уайымнан абдырап қалған жұрттың бүгінде аудан басшысына, ауыл әкіміне алғысы шексіз.
Сердалы Шалбаев,
Жаңақұрылыс ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
11 тамыз 2021 ж. 314 0